Қарағаш орта мектебінің кітапханасы Тәуелсіздік күніне орай " Тәуелсіздік - еліміздің ерлік жолы", "Желтоқсан жаңғырығы" атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге шыншылдыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздік құрбандарын ұмытпау.
Мектебімізде бүгін Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты:Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.
05.12.23 күні. Оқушылардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі болуға, жаман әдеттерден аулақ болуға, әдеп құндылықтарын ұстану бағытында 6-сынып жетекшісі Шайхыжанова А.К. "Әдептен озбайық" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, әдеп ережелерімен танысып, іс-шара белсенді қатысты.
06.12.23 күні 8 "А" сыныбында "Жомарт жүрек" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты - қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық, әдептілік құндылықтары туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Іс - шара барысында “Жомарттық” ұғымының мәні ашылып, оқушыларға әр түрлі тапсырмалар берілді. Wordwoll бағдарласы арқылы тақырыпқа қатысты жасырылған сөздерді тауып, сол сөздерден мақал-мәтелдерді құрап шықты; көптеген жағдаяттық тапсырмаларды орындап, адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білді.