01.12.23 күні оқушылар арасында "Біздің мақсатымыз салауатты өмір сүру" спорттық ойындар өткізілді. Мақсаты: оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
30.11.2023 “Қарағаш орта мектебі” КММ 10-11 сыныптар арасында “Жаман әдеттен аулақ бол”атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Мақсаты:Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып,зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру. Оқушылар салауатты өмір салтына байланысты суреттер салып, өз ойларын ашық айтты.
29.11.2023 “Қарағаш орта мектебі” КММ өзін-өзі басқару ұйым мүшелерімен және орта буын оқушыларымен “СПИД-ғасыр індеті” атты қабырға газетін дайындадық.
28.11. 2023 “Қарағаш орта мектебі” КММ “Ар - ұят, адалдыққа”байланысты 5”а” сыныбымен іс-шара өтті. Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды, т.б.адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап,мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Балалар қызығушылықпен қатысты және де өз ойларымен бөлісті.
2023 жылдың 20-ші қараша күні мектеп Парламентінің кезекті отырысы өтті. Отырысты мектебіміздің Президенті Ертай Еламан парламент мүшелерімен 2023-2024 оқу жылына арналған мектеп Парламентінің жұмыс жоспарын талқылап, өз көмекшілеріне тапсырмалар берді. Әр апта сайын жүйелі түрде отырыстар өтілетінін мәлім етті.
Бүгін, 20.11 күні сыныпта, сыныптан тыс уақытта оқушылардың құндылық санасын дамыту мақсатында 6 "А" және 8 "А" сынып оқушыларымен "Жетістікке жету өз қолыңда" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойларын ашық, нақты жеткізе білді.
20 қараша 2023 жылы «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты флешмоб ұйымдастырылды. Флешмоб мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақтың татулық пен достықты жоғары бағалауын көздеді. Сондай-ақ командамен жұмыс жасау дағдығысын дамытуды, отбасын қадірлеуді, сыйлауды мақсат етті. <source src="https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1459272721493980/files/%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8/WhatsApp%20%D1%84%D0%BB%D0%B5%D1%88%20.mp4"