Бүгін "Өз қолыңызбен қағаз ағашы" атты шеберлік сабағы 4-6 сыныптардағы оқушыларына өткізілді .Өте жылдам, қарапайым, ерекше, тіпті балаларға да қолжетімді. Қағаз а ғашын балалармен ойындар мен іс-шаралар үшін, сахналық қойылымдар мен үй театры үшін декорациялар жасау үшін пайдалануға болады. Өз қолдарымен қолөнер жасау арқылы балалар дамиды: Қиял, қиял және кеңістіктік ойлау.
Күзгі демалысқа мектептің ішкі жоспарына сәйкес мектептің кітапханашы мен кәсіптік бағдар берушісі 7-8 сынып оқушыларымен «Осындай мамандар бар» тақырыбында әңгіме-дүкен құрды. Айналадағы әлемге деген қызығушылықты ояту, адамдардың жұмысы туралы түсінік беру. Балалардың мамандық атаулары мен мағынасы туралы білімдерін бекіту, әр түрлі мамандық иелерінің еңбегінің маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту, ата-анасының кәсіптері туралы білімдерін бекіту.
“Қарағаш орта мектебі” КММ 31.10.23 күні балалармен ұлттық асық ойының ойнадық. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата - бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату біздің міндетіміз.
Мектебіміздің оқушылары қосымша үйірмелерге, секцияларға белсене қатысады. 25 - 27 қазан аралығында "СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери даярлықтың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" КММ еркін күрестен "Жастар" атты облыстық спартакиадасын өткізді. Мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орын алды. Кульсеитов Алихан - 2 орын, Жылқыбай Алдан - 3 орынға ие болды. Оқушыларды дайындаған жаттықтырушы Е.А.Кудулов. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Биылғы оқу жылынан бастап ата-аналармен барлық білім беру ұйымдарында "Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары" өз жұмысын бастап, олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын , бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту болып отыр. Мектебімізде МАД, 1-11 сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды.
Әнұран айту Республикалық челледж. "Қарағаш орта мектебі" КММ "Республика күні" мерекесі қарсаңында, мектеп оқушылары мен ұстаздары мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде орындады.